2004 жылы орман шаруашылығындағы өнімдердің көлемі 2020,7 млн.теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004 жылы орман шаруашылығындағы өнімдердің көлемі  2020,7 млн.теңгені құрады

2004 жылы орман шаруашылығындағы өнімдердің көлемі 2020,7 млн.теңгені құрады

2004 жылы орман шаруашылығындағы өнімдердің (жұмыстар мен қызметтердің) көлемі 2020,7 млн.теңгені (2003 жылы - 1118,8 млн. теңге), орман көшеттігі қызметтерінің көлемі - 136,1 млн. теңгені (60 млн. теңге), орман өсіруге байланысты қызметтердің көлемі - 1192,0 млн. теңгені (288,4 млн. теңге), ағаш дайындауға байланысты қызметтердің көлемі - 39,1 млн. теңгені (14,6 млн. теңге) құрады. Бұл тупалы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 488
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы кәсіпорындардың өңделмеген сүрек өндірісі 2003 жылмен салыстырғанда тұтастай республика бойынша 10%-ға азайып, 271 мың тығыз текше метр құрады. Бұл негізінен жапырақты (86%) және қылқан жапырақты бөренелердің (41%) есебінен болды. Отын сүрегін өндіру 18%-ға өсіп, 202,3 мың тығыз текше метрді құрады.

Қазақстандағы орман қоры 2004 жылы 13,4 мың гектар алаңда жүргізілген орманды қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты жүргізудің арқасында сақталды. Мемлекеттік мақсаттағы ормандарда сүректік бағалы екпе ағаштар санатына жас ағаштарды өсіріп, іске қосу 7,3 мың гектар алаңда жүргізілді, бұл 2003 жылға қарағанда 2,7% жоғары.
Мемлекеттік орман қорының көшеттіктерінде және ормандарында отырғызу үшін 57,6 тонна ағаш тұқымдары өсірілген, бұл өткен жылға қарағанда 8,5% артық.

Перейти к новостям спорта