2004-2006-жылдарда денсаулық сақтау саласындағы 63 нысанды салу және жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 12,3 млрд. теңге бөлінеді - ҚР денсаулық сақтау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-2006-жылдарда денсаулық сақтау саласындағы 63 нысанды салу және жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 12,3 млрд. теңге бөлінеді - ҚР денсаулық сақтау министрі

2004-2006-жылдарда денсаулық сақтау саласындағы 63 нысанды салу және жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 12,3 млрд. теңге бөлінеді - ҚР денсаулық сақтау министрі

2004-2006-жылдарда денсаулық сақтау саласындағы 63 нысанды салу және жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 12,3 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін, 19-қаңтарда мәжілістегі "үкімет сағатында" сөз сөйлеген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 581
Фото - Caravan.kz

Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бұл қаржы «құрт ауруына қарсы күрес мекемелері, перзентханалар мен көп бағытты ауруханаларды салу және жөндеу жұмыстарына жұмсалады».

Министрдің айтуынша, 2006-жылдан кейін денсаулық сақтау саласындағы 42 нысанды салу және жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 29,2 млрд. теңге бөлінеді.
Қазақстан Республикасында ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес республикалық инвестициялық жоба қаржысы есебінен ауылдарда 44 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде 22 аудандық құрт ауруына қарсы күрес диспансері, 7 орталық аудандық аурухана және 5 перзентхана салынбақшы. Ал жергілікті бюджет қаржысы есебінен 325 ауылдық елді мекендерде дәрігерлік мекемелер салынып, 1774 елді мекенде денсаулық сақтау мекемелері күрделі және жай жөндеуден өткізіліп, 5 сүт кухнясы ашылады.
Қазір ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінде 350 аурухана және 1099 амбулаториялық-емхана мекемелері бар. Әрбір 10 мың ауыл тұрғынына шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 12, ал орта маманды дәрігерлік мамандармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 45,2-ні құрайды. Соңғы жылдарда 63 аурухана мен 29 фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер ашылып, қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар