2004-2006-жылдарда елімізде мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі қолданысқа енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-2006-жылдарда елімізде мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі қолданысқа енгізіледі

2004-2006-жылдарда елімізде мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі қолданысқа енгізіледі

2004-2006-жылдарда елімізде мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 1-желтоқсанда ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы Әбдіхалық Нәлібаев парламентте өткен үкіметтік сағатта хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 396
Фото - Caravan.kz

«Бұл жүйені қолданысқа енгізу нәтижесінде ең бір ұтатын жеріміз, мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқаулардың ашықтығы қамтамасыз етіледі»,- деді ол. Ә.Нәлібаевтың айтуынша жаңа жүйені қолданысқа енгізу , сондай-ақ, «потенциалдық сатушылар үшін байқауларға қатысу процессін мейлінше жеңілдетеді».

Жаңа жүйені қолданысқа енгізу байқауды ұйымдастырушылар мен потенциалдық тауар және қызмет сатушылар үшін арнайы пароль енгізілетін арнаулы веб-сайт көмегімен жүзеге асырылады. Комиссия сатушылардың өтінімін электрондық хабарламалар көмегімен қабылдайды, олар ұсынған барлық шарттар сайтта жарияланады.
Ә.Нәлібаевтың айтуынша, байқау комиссиялары тарапынан сатушыларға қойылатын талаптар міндетті және арнаулы талаптарға бөлінеді. Азаматтық құқықтық қабілеттілік, төлем қабілеті мен «тауар және қызмет сатушының мемлекеттік сатып алу шарасына қатысу тарихында қандайбір ескерту немесе кемшілік болмауы» тәрізді талаптар міндетті талаптарға жатады. Ал арнаулы талаптардың қатарында өнім сапасы және қызмет сапасы т.б. талаптарды атауға болады. Жүйе міндетті талаптарды автоматты түрде тексереді, нәтижесінде аталмыш талаптарға сай келмейтін потенциалдық сатушылар байқауға жіберілмейді,- дейді Ә.Нәлібаев.
Қазір сондай-ақ, «он-лайн режимінде аукциондар өткізу» жөніндегі жүйенің жобасы жасалуда. Ә.Нәлібаевтың айтуынша, мұндай аукцион мынадай нобай бойынша өткізілмек : «аукционды ұйымдастырушы сауда-саттық мерзімін Интернет арқылы жариялайды, ал сатушы Интернет арқылы арнаулы сайтта өз бағасын мәлімдейді. Бұл орайда жүйе сол сәттегі ең төменгі бағаны автоматты түрде жариялап отырады. Жеңімпаз ең төменгі баға көрсеткіші бойынша айқындалады».

Соңғы жаңалықтар