Жарияланды: 350

2004-2012 жылдар аралығында елорда бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен ЖОО-ларға 282 адам түсті

Елордада жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету аясында Астананың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне ақшалай төлемдер төленуде, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«2004 пен 2012 жылдар аралығында қала бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен жоғары оқу орындарына 282 адам түскен. Олардың - 136-сы дипломды маман болып шықты», - деп хабарлайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева. Оның айтуынша, грант алу құқына қала мектептерін бітіруші жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, бала кезден мүгедектер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасының балалары ие бола алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін