«2004 пен 2012 жылдар аралығында қала бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен жоғары оқу орындарына 282 адам түскен. Олардың — 136-сы дипломды маман болып шықты», — деп хабарлайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева.
Оның айтуынша, грант алу құқына қала мектептерін бітіруші жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, бала кезден мүгедектер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасының балалары ие бола алады.