Caravan Logo

2004-2012 жылдар аралығында елорда бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен ЖОО-ларға 282 адам түсті

2004-2012 жылдар аралығында елорда бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен ЖОО-ларға 282 адам түсті

«2004 пен 2012 жылдар аралығында қала бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен жоғары оқу орындарына 282 адам түскен. Олардың - 136-сы дипломды маман болып шықты», - деп хабарлайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева.

Оның айтуынша, грант алу құқына қала мектептерін бітіруші жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, бала кезден мүгедектер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасының балалары ие бола алады.