2004-жылдан бастап мұнайгаз саласындағы салық жүктемесінің деңгейі 60-85 процентке дейін артады - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдан бастап мұнайгаз саласындағы салық жүктемесінің  деңгейі 60-85 процентке дейін артады - ҚР үкімет басшысы

2004-жылдан бастап мұнайгаз саласындағы салық жүктемесінің деңгейі 60-85 процентке дейін артады - ҚР үкімет басшысы

Қазақстанның салық заңнамасына түзетулер енгізу нәтижесінде "2004-жылдан бастап мұнайгаз саласындағы салық жүктемесінің деңгейі 60-85 процентке дейін артады". Бүгін, 19-желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру тетіктерін талқылауға арналған республикалық конференцияда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 445
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы осы орайда бұған дейін бұл саладағы салық жүктемесі 25-30 процентті құрағанын атап өтті. Бүгінде біз «мұнайгаз саласы үшін орташа әлемдік деңгейдегі нормаларды қолданысқа енгізіп, еліміз ахуалына бейімдедік»,- деді Д.Ахметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР салық Кодексінің мұнай операцияларына салық салу жөніндегі бөліміне шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу туралы өзгертулер енгізу жөніндегі «Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасын парламент 2003-жылдың 28-қарашасында қабылдаған.
Ренталық салық тек жер қойнауын пайдалануға жасалған жаңа келісім-шарттарына қатысты, ал бұрынғы барлық келісім-шарттары сол қол қойылған кезде күшінде болған заңдарға бағынады.
Экспорттық мұнайға салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде экспортталатын мұнайдың құны алынады. Ал ол өз кезегінде шетелдерде іс жүзінде сатылатын мұнай көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес белгіленеді. Бұл орайда мұнайдың сапалық сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады. Ренталық салықтың ставкасы бір баррель мұнай 19 долларға бағаланған жағдайда 1 процентті құраса, баға 40 доллар немесе одан жоғары болған жағдайда 33 процентке дейін сырғымалы шкала бойынша белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар