2004-жылдың 15-ақпанынан бастап Қазақстанда 27 мемлекеттің азаматтарына виза беру тәртібі жеңілдетіледі - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 15-ақпанынан бастап Қазақстанда 27 мемлекеттің азаматтарына виза беру тәртібі жеңілдетіледі - ҚР СІМ

2004-жылдың 15-ақпанынан бастап Қазақстанда 27 мемлекеттің азаматтарына виза беру тәртібі жеңілдетіледі - ҚР СІМ

2004-жылдың 15-ақпанынан бастап Қазақстанда 27 мемлекеттің, атап айтсақ, Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, ГФР, Швейцария, Швеция және жапония азаматтарына виза беру тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін, 12-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев хабарлады.

  • 12 Ақпан 2004
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Бұл мемлекеттердің азаматтары Қазақстанның шетелдердегі консулдық мекемелеріне тікелей хабарласа алады. Олардың өтініші бойынша Қазақстанға келуге бір айға іскерлік, туристік және жеке визалары еркін беріледі»,- деді ол. Дипломаттың түсініктемесі бойынша, «бүгінге дейін шетелдіктерден виза беру үшін шақыру талап етіліп келсе, ендігі жерде оның қажеті жоқ». «Бұл виза беру тәртібін либерализациялауға жасалған бір маңызды қадам»,- деді ол.

«Аталған елдердің азаматтары біз үшін миграциялық немесе заңсыз еңбек көші-қоны тұрғысынан ешбір қауіп-қатер төндірмейді»,- деді У.Қоңырбаев. ҚР СІМ-нің консулдық қызмет департаменті директорының айтуынша, «осындай елдердің тізімі болашақта ұлғая түседі».
Сондай-ақ, У.Қоңырбаевтың хабарлауынша, Қазақстанда «Шенген визасы үлгісіндегі » жаңа визалық жапсырмалар қолданысқа енгізіледі. Жаңа жапсырманың қолдан жасаудан қорғаныс тәсілдері мейлінше жетілдіріліп, компьютермен толтырылатындықтан адам туралы дербес мәліметтерді компьютерлік техниканың көмегімен оқуға мүмкіндік жасалады. «Шамамен екі ай мерзімнен кейін біз, шетелдік азаматтарды Қазақстанға кіре берісте, Алматы, Астана және Атырау әуежайларында тіркеудің алғашқы сатысы басталғаны туралы құлақтандыру жариялауымыз мүмкін»,- деді У.Қоңырбаев.

Соңғы жаңалықтар