2004-жылдың 1-наурызында елімізде жинақталған зейнетақы қаржысы 378,9 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 1-наурызында елімізде жинақталған зейнетақы қаржысы 378,9 млрд. теңге болды

2004-жылдың 1-наурызында елімізде жинақталған зейнетақы қаржысы 378,9 млрд. теңге болды

2004-жылдың ақпанында елімізде жинақталған зейнетақы қаржысы 9,5 млрд. теңгеге (2,6 процент) ұлғайып, 2004-жылдың наурызындағы жағдаймен 378,9 млрд. теңге болды. Биылғы жылдың бастапқы екі айындағы өсім 10,6 млрд. теңгені құрады. . Бұл туралы бүгін, 10-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 484
Фото - Caravan.kz

Е.Бахмутованың айтуынша, 2004-жылдың наурызында таза инвестициялық кіріс 98,1 млрд. теңге болды. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында таза инвестициялық кіріс көлемі 1,1 млрд. теңгеге азайды. Бұл 2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынының 20,49 проценті АҚШ долларымен, 4,77 проценті евромен деноминацияланған бағалы қағаздардан тұруына байланысты. ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2004-жылдың қаңтар айында АҚШ долларының теңгеге шаққандағы нарқы 144,22 теңгеден 139,41 теңгеге дейін, ал ал евро 180,23 теңгеден 172,41 теңгеге дейін арзандады.

Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінде таза инвестициялық кірістің қазіргі үлесі 25,9 процентті құрайды.
Е.Бахмутованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша нақты кірістің орташа коэффиценті 2003-жылғы ақпан-2004-жылғы ақпан аралығында (-0,73%) болды.

Соңғы жаңалықтар