2004-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен ҚР мемлекеттік бюджетінің түсімдері 289,2 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен ҚР мемлекеттік бюджетінің түсімдері 289,2 млрд. теңгені құрады

2004-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен ҚР мемлекеттік бюджетінің түсімдері 289,2 млрд. теңгені құрады

ҚР қаржы министрлігінің жедел ақпараттары бойынша, 2004-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен ҚР мемлекеттік бюджетінің түсімдері 289,2 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7 процентке артық. Ал бюджет шығындары мен несиелер мөлшері өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 31,8 процентке артып, 264,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың мәліметі бойынша, 2004-жылдың наурыз айында кіріс мөлшері 82,5 млрд. теңге болып, 2003-жылғы наурыз айынан 8 процентке артты. Кірістілік деңгейі 26,1 процентті құрады. Есеп берген кәсіпорындар арасынан шығынды жұмыс істеген кәсіпорындар үлесі 39 процент болды.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, екінші деңгейлі банктер 2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен еліміз экономикасының түрлі салаларына 1036,6 млрд. теңгенің несиесін таратты. Несиелер мөлшерінің тұрақты ұлғаю ағымы байқалуда. Жалпы несиелер көлемінің 64,6 проценті ұзақ мерзімді несиелердің, 53,3 проценті шетел валютасымен берілген несиелердің үлесінде. 2004-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен банк жүйесіндегі жалпы депозиттер көлемі 808,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2003-жылғы 1-сәуірдегі көрсеткіштен 27,6 процентке артық. Соның ішінде тұрғындардың салымдары 351,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 32,5 процент артық.

Соңғы жаңалықтар