2003-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 10,2 процентке, ауыл тұрғындарының саны 9,4 процентке кеміді. Жалпы тіркелген жұмыссыздардың 62,3 проценті, немесе 3130-і әйелдер болса, 639 адам немесе әрбір бесіншісі ауыл тұрғындары. 16-24 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны 770 адамды құраса, олардың 225-і , немесе 29,2 проценті ауыл тұрғындары.
2004-жылдың 1-мамырындағы жағдаймен түрлі экономикалық себептермен 239 адамды еңбекпен қамтып отырған 2 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан. 6 кәсіпорын жұмысын жартылай доғарды. Бұл кәсіпорындарда 1657 адам жұмыс істейді. 118 адамды еңбекпен қамтып отырған 2 кәсіпорын жартылай жұмыс істеу тәртібіне біржола немесе жартылай көшті. Соның салдарынан 528 адам мәжбүрлі демалысқа жіберілді.