2004-жылдың 4 айында еліміздің негізгі сауда әріптестерінің валютасына шаққанда теңгенің нақты нығаюы 4,8 проценті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 4 айында еліміздің негізгі сауда әріптестерінің валютасына шаққанда теңгенің нақты нығаюы 4,8 проценті құрады

2004-жылдың 4 айында еліміздің негізгі сауда әріптестерінің валютасына шаққанда теңгенің нақты нығаюы 4,8 проценті құрады

2004-жылдың 4 айында еліміздің негізгі сауда әріптестерінің валютасына шаққанда теңгенің нақты нығаюы 4,8 проценті құрады. Бұл туралы бүгін, 9-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

  • 9 Маусым 2004
  • 462
Фото - Caravan.kz

Бір айда теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 1 доллар үшін 136,35 теңге-137,90 теңге аралығында өзгеріп отырды. 2004-жылдың мамыр айында теңге 0,72%-ке нығайды. (қаңтарда теңгенің нығаюы 2,73%, ақпанда 0,19%, наурызда 0,16%, сәуірде 0,53% болды). Айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 137,20 теңгені құрады.

Жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы номиналдық нығаюы 4,28%-ті (сәуірдің аяғында 3,59%-ті, наурыздың аяғында 3,07%-ті құрады). Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамы 2004-жылдың 5 айында 1 АҚШ доллары үшін 138,85 теңге болды.
Мамыр айында биржалық операциялардың қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса есептегендегі көлемі сәуір айындағымен салыстырғанда 5,5%-ке артып, 575,6 млн. долларға жетті. (жыл басынан бері биржалық операциялардың көлемі 2,8 млрд. доллар болды).
Биржадан тыс валюта рыногындағы операциялардың көлемі сәуірдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 9,2%-ке артып, 704,7 млн. доллар болды. (жыл басынан бері 3,2 млрд. доллар болды).

Перейти к новостям спорта