2004-жылдың 5 айында еліміздегі тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 2,6 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 5 айында еліміздегі тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 2,6 есе өсті

2004-жылдың 5 айында еліміздегі тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 2,6 есе өсті

2004-жылдың 5 айында еліміздегі тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 48,5 млрд. теңгені құрады. Бұл 2003-жылғы қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштен 2,6 есе артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 15 Шiлде 2004
  • 706
Фото - Caravan.kz

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың басым бөлігі Астана мен Алматының үлесінде. Атап айтсақ, 2003-жылы тиісінше 32 және 21,2%, 2004-жылдың 5 айында тиісінше 40,2 және 17,7% болды.

2004-жылғы қаңтар-маусым айларында республика аймақтарының басым бөлігінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 2003-жылғы көрсеткіштен артты. Айтарлықтай өсім Қарағанды ( 15 есе), Атырау (7,8 есе), Қостанай ( 4,7 есе), Солтүстік Қазақстан (3,7 есе), Маңғыстау (3,4 есе), Ақтөбе (3,3 есе) облыстары мен Астанада (3,1 есе) байқалды.
2003-жылы елімізде құрылыспен шұғылданатын 4289 мердігерлік ұйым жұмыс істеді. 2002-жылғымен салыстырғанда олардың саны 13,6 процентке артты. Соның ішінде 43 мемлекеттік, 4130 жеке меншік мердігерлік ұйымдар мен шетелдердің қатысуымен құрылған 116 ұйым тіркелді. Жеке меншік мердігерлік ұйымдардың басым бөлігі Алматы мен Астананың (тиісінше 22,5 және 11,5% ) үлесіне тиді.
2004-жылғы қаңтар-маусым айларында түрлі меншік санатындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен қарапайым тұрғындар жалпы аумағы 1195,8 мың шаршы метрді құрайтын 9733 жаңа үй салды. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 41,4 процент артық.
2004-жылғы қаңтар-маусым айларында тұрғын үйлердің үлес салмағы 72 процентке артты.
Статистикалық агенттіктің мәліметі бойынша, пайдалануға берілген тұрғын үйлер аумағы барлық аймақтарда өсіп келеді. 2004-жылғы қаңтар-маусым айларында республиканың барлық аймақтарында салынған тұрғын үйлер көлемі 2003-жылғы көрсеткіштен артты. Айтарлықтай өсім Қарағанды ( 3,7 есе), Қостанай (1,9 есе), Шығыс Қазақстан (1,7 есе), Солтүстік Қазақстан және Атырау (1,6 есе), Павлодар және Қызылорда ( 1,4 есе) облыстары мен Алматы және Астане ( 1,5 есе) қалаларында байқалды.
Статистикалық агенттіктің мәліметі бойынша, қазір елімізде салынған пәтерлер аумағының арту ағымы байқалуда. 2003-жылы бір пәтердің орташа аумағы 116 шаршы метрді құраса, 2004-жылдың алғашқы жартысында 122,9 шаршы метрді құрады. 2004-жылдың алғашқы жартысында тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны орта есеппен республика бойынша 26,2 мың теңге болса, қалаларда бұл баға 29,9 мың теңге, ауылдарда 12,8 мың теңге болды. Тұрғындардың өз күшімен салған үйлерінің 1 шаршы метрін нақты салу құны 14,1 мың теңге, қалаларда 14,8 мың теңге, ауылдарда 12,3 мың теңге болды.

Перейти к новостям спорта