2004-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Ақтөбелік жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 10 млн. теңге берешек - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Ақтөбелік жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 10 млн. теңге берешек

2004-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Ақтөбелік жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 10 млн. теңге берешек

2004-жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық кәсіпорындар өз қызметкерлеріне 9,8 млн. теңге берешек. Бұл туралы бүгін, 11-тамызда KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек туралы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы Бауыржан Нұрлыбеков хабарлады.

  • 11 Тамыз 2004
  • 401
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өз қызметкерлері алдында ірі көлемде қарыздар болып қалған ұйымдар арасында «Прикаспий БурНефть-Казахстан» ЖШС (биылғы жылдың 31-шілдесіндегі жағдаймен қарызы 7 млн. теңгені құрайды), жарылғыш заттар өндіруші «Неохим» ЖШС (қарызы 1,5 млн. теңге) т.б. кәсіпорындар бар.

Еңбек туралы заң талабын бұзушылардың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Соның нәтижесінде департаменттің күшімен қарыздың 65 проценті өтелді.
Б.Нұрлыбековтың айтуынша, жалпы алғанда 2004-жылдың қаңтар-шілде айларында Ақтөбе облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жергілікті кәсіпорын қызметкерлерінен 200-ден астам шағым келіп түскен. Бұлар негізінен жалақыны дер кезінде бермеу және жұмыстан заңсыз шығаруға байланысты арыздар.
Сондай-ақ, тексеру барысында еңбек қорғаушы инспекторлар Ақтөбе облысындағы 607 кәсіпорыннан 3197 түрлі заңсыздықтарды әшкереледі.
2004-жыл басынан бергі осындай тексерулер нәтижесінде Ақтөбе облысындағы 80 жұмыс беруші, кәсіпорын басшылары мен басқа да лауазым иелеріне 900 мың теңгенің айыппұлы жүктелді.

Перейти к новостям спорта