2004-жылдың 9 айында ауылшаруашылығының жалпы өнімінің азаюына басты әсер еткен себеп - өндірілген астық көлемінің кемуі болмақ - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 9 айында ауылшаруашылығының жалпы өнімінің азаюына басты әсер еткен себеп - өндірілген астық көлемінің кемуі болмақ - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі

2004-жылдың 9 айында ауылшаруашылығының жалпы өнімінің азаюына басты әсер еткен себеп - өндірілген астық көлемінің кемуі болмақ - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі

2003-жылғымен салыстырғанда 2004-жылдың 9 айында ауылшаруашылығының жалпы өнімінің азаюына өндірілген астық көлемінің кемуі басты әсер етті. Бұл туралы бүгін, 9-қарашада Астанада өткен үкімет отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2004
  • 593
Фото - Caravan.kz

Қ.Келімбетовтың түсініктемесіне сәйкес, «2004-жылы соңғы 4 жылда алғаш рет былтырғымен салыстырғанда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 3,9 процентке кеміді. Ал мал шауашылығының өнімі 5,5 процентке артса, өсімдік шаруашылығындағы өнім мөлшері 9,7 процентке кеміді». «Бұған әсер еткен басты себеп — өндірілген астық көлемінің кемуі болмақ. 2004-жылғы 1-қыркүйектегі жағдаймен 13,4 млн. тонна астық жиналды. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 19,7 процентке кем»,- деді Қ.Келімбетов.

Сондай-ақ, экономика министрінің мәліметі бойынша, «жаздағы қуаңшылық салдарынан өткен жылғымен салыстырғанда астық түсімі 24 процентке кеміді (2003-жылы бір гектардан 12,5 центнер астық жиналса, 2004-жылы бір гектардан 9,5 центнер түсім орылды)». Оның атап көрсетуінше, еліміздегі негізгі астықты аймақтардағы астық түсімінің деңгейі өткен жылғыдан төмен болды. Атап айтсақ, экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қостанай облысында 34,6 процентке, Ақмола облысында 23,9 процентке, Солтүстік Қазақстан облысында 20 процентке, Алматы облысында 11,2 процентке, Қызылорда облысында 3,6 процентке кеміген.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің хабарлауынша, «Қазақстан астығын тұтынушы негізгі елдерге саналатын Ресей, Украина және Беларусь республикаларында биыл өткен жылғымен салыстырғанда астық бітік шықты. Демек, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінің кемуі астық көлемінің кемуіне парапар келді». Дейтұрғанмен, Қ.Келімбетовтың айтуынша, «жиналған астық ішкі тұтынымға және экспорттық міндеттемелерді орындауға толық жетеді».

Перейти к новостям спорта