2004-жылдың алғашқы тоқсанында Семей қаласының 5 мың 738 тұрғынына әлеуметтік атаулы көмек тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың алғашқы тоқсанында Семей қаласының 5 мың 738 тұрғынына әлеуметтік атаулы көмек тағайындалды

2004-жылдың алғашқы тоқсанында Семей қаласының 5 мың 738 тұрғынына әлеуметтік атаулы көмек тағайындалды

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Семей қаласының 5 мың 738 тұрғынына әлеуметтік атаулы көмек тағайындалды. Жәрдемақыға жергілікті бюджеттен 7 млн.756 мың теңге бөлініп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық әлеуметтік атаулы көмек бөлімінің меңгерушісі Нұрбөбе Нұрғазинова хабарлады. Биылғы жылы да табыстары жан басына шаққанда кедейлік шегінен (Семей қаласы бойынша 1976 теңге) асатын отбасылардың құжаттары қайта қайтарылды. Бөлім меңгерушісінің айтуына қарағанда, өткен жылы кірістерін жасырған отбасыларын қаржы полициясы тексеріп, бірқатар сәйкессіздік анықтаған.

  • 9 Ақпан 2004
  • 372
Фото - Caravan.kz

Кірістерін жасырып, мемлекет жәрдемін алып келген 22 отбасының ісі сотта қаралды. Сот үкіміне сай олар мемлекетке 500 мың теңге қайтарды.

Соңғы жаңалықтар