2004-жылдың алғашқы жартысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың алғашқы жартысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде

2004-жылдың алғашқы жартысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде

2004-жылдың алғашқы жартысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді деп жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Андар Шоқпытов журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

А.Шоқпытовтың айтуынша, алдағы сапар аясында тараптар 3-4 келісімге қол қояды.

Елшінің хабарлауынша, 2004-жылғы наурыз айының басында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Әзербайжан-Қазақстан комиссиясының отырысын өткізіп, онда екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар аясын кеңейту мәселесін талқылау межеленіп отыр.
Әзербайжан жағынан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Әзербайжан-Қазақстан комиссиясының тең төрағасы міндетін осы ел үкімет басшысының бірінші орынбасары Аббас Аббасов, ал Қазақстан жағынан тең төраға міндетін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник атқарады.
А.Шоқпытовтың атап көрсетуінше, үкіметаралық комиссияның отырысына дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету үшін алдағы аптада қазақстандық өкілдер Бакуге келмекші. Өкілдер құрамына ҚР Ұлттық банкінің, ҚР СІМ-нің, ҚР экономика және қаржы министрліктерінің өкілдері қамтылады.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Әзербайжан-Қазақстан комиссиясының бұл екінші отырысы. Комиссияның алғашқы мәжілісі осыдан 5 жыл бұрын өткен.

Соңғы жаңалықтар