2004-жылдың алғашқы жартысында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ кәсіпорындарында 11 қайғылы оқиға болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың алғашқы жартысында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ кәсіпорындарында 11 қайғылы оқиға болды

2004-жылдың алғашқы жартысында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ кәсіпорындарында 11 қайғылы оқиға болды

2004-жылдың алғашқы жартысында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ кәсіпорындарында 11 қайғылы оқиға болды. Бұл туралы бүгін, 19-тамызда "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның еншілес кәсіпорындарындағы еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау, экология мәселелеріне арналған жыл сайынғы семинар-кеңес барсында ұлттық компанияның басқарушы директоры Ғалиусат Кешубаев хабарлады. Бұл 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 1 оқиғаға кем.

  • 19 Тамыз 2004
  • 468
Фото - Caravan.kz

Ғ.Кешубаевтың айтуынша, қайғылы оқиғалардың шығу себептерін тексеру қорытындысы көрсеткеніндей, олардың басым бөлігі арнаулы техника, құрылыс машиналары мен транспорттық тетіктерді пайдалану және жөндеу барысында шығуда. Ұлттық компанияның негізгі және еншілес кәсіпорындарында 2003-жылы қайғылы оқиғалардың жалпы саны 22 болған. «2002-жылғымен салыстырғанда былтыр «Интергаз-Орталық Азия» ЖАҚ, «ҚазТрансОйл» және «ҚазМұнайГаз-бұрғылау» ЖШС тәрізді кәсіпорындарда қайғылы оқиғалар саны артты»,- деді Ғ.Кешубаев.

Сондай-ақ, ұлттық компанияның басқарушы директорының хабарлауынша, компания кәсіпорындарындағы қайғылы оқиғаларға жасаған талдау нәтижесі жұмыс өтілі 1 жылға жетпейтіндер арасындағы қайғылы оқиғалар саны жалпы көрсеткіштің 39 процентінен 10 процентке дейін кемігенін көрсетті. Ал керісінше, 5-10 жыл еңбек еткен тәжірибелі қызметкерлер арасындағы жарақаттану көрсеткіші 19-дан 27 процентке, 10 жылдан жоғары жұмыс істегендер арасындағы қайғылы оқиғалар көрсеткіші 23 проценттен 37 процентке дейін өскен. Ғ.Кешубаевтың пікірінше, мұндай жағдайға компания кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу және марапаттау жүйесі қауіпсіздік техникасы талаптарын орындаумен сабақтастырылмауы басты себеп болмақ.

Перейти к новостям спорта