Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов, тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары қозғалысының жетекшісі Леонид Соломин, үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының президенті Валентина Сиврюковалар орталық құруға дайындық жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталғанын, оның барысында еліміздегі еңбек қатынастарына қатысты ахуал зерттеліп, еңбекке жұмылдырылған қауымның сұраныстары айқындалғанын хабарлады.
Айталық, олардың айтуынша, барлығы 1500 респондент атсалысқан сауалнамаға қатысушылардың 87 проценті біртұтас кәсіподақ орталығын құру туралы идеяға қолдау білдірген. Олар жұмыс берушілермен жасасқан келісім-шартына көңілдері толмайтындығын мәлімдеген.
Кәсіподақ ұйымдары қозғалысының жетекшілері 2004-жылды еңбекші қауымның құқығын қорғау жылы деп жарияламақ. Ал әзірге ұйымдастыру комитеті дайындық жұмыстарының екінші кезеңіне кірісті.