2004-жылдың басында ҚР СІМ-нің "Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет" атты кітабы жарық көреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың басында ҚР СІМ-нің "Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет" атты кітабы жарық көреді

2004-жылдың басында ҚР СІМ-нің "Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет" атты кітабы жарық көреді

2004-жылдың басында ҚР СІМ-нің "Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет" атты кітабы жарық көреді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 551
Фото - Caravan.kz

Кітапқа ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев жалпы редакторлық жасады. Басылым Қазақстан дипломатиясына арналған. Кітаптың бір ерекшелігі сол, онда дипломатиялық жұмыстардың қыр-сыры мен ерекшеліктері, сыртқы саясатқа қатысты маңызды шешімдерді қабылдау тетіктері туралы әңгімеленеді.

Кітапта дипломатиялық қызметті ұйымдастыру және маман саясатына, құқықтық проблемаларына қатысты тауқыметтер сараланып, Қазақстанның сыртқы саяси бағыт-бағдарын айқындауды қамтамасыз ету принциптері мен формалары туралы өзекті мәселелерді көтерген қазіргі заманғы Қазақстандық дипломатияның энциклопедиясы іспетті.
Сондай-ақ, кітапта Қазақстанның мемлекеттік өкімет органдары жүйесіндегі СІМ-нің маңызы мен ролі, ғаламдану ахуалындағы сыртқы саясат принциптері мен басымдықтары, Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасының құқықтық-келісім базасы, консулдық қызмет мәселелері мен оның функциясы тәптіштелген.
Онда Қазақ ССР-і сыртқы істер халық комиссариаты құрылған сәттен бастап 60 жыл аясындағы барлық сыртқы істер министрлерінің іс-қызметі туралы әңгімеленіп, ҚР-ның төтенше және өкілетті елшілері, халықаралық ұйымдардың жанындағы ҚР өкілдіктерінің және шетелдерде аккредитацияланған ҚР дипломатиялық миссияларының басшыларна қатысты өмірбаяндық мәліметтер келтірілген.
Кітаптың қосымшасында Қазақстан мен АҚШ, ҚХР, Ресей тәрізді елдер арасындағы кең көлемді қарым-қатынас аясын паш ететін халықаралық және құқықтық сипаттағы, сондай-ақ, БҰҰ-ның іс -қызметін реттейтін құжаттар жарияланған.

Соңғы жаңалықтар