2004-жылдың екінші тоқсанынан бастап еліміз қалаларындағы телефон үшін төлейтін абоненттік төлем 530 теңге болады - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың екінші тоқсанынан бастап еліміз қалаларындағы телефон үшін төлейтін абоненттік төлем 530 теңге болады - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы

2004-жылдың екінші тоқсанынан бастап еліміз қалаларындағы телефон үшін төлейтін абоненттік төлем 530 теңге болады - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы

ҚР телекоммуникация саласын дамыту жөніндегі 2003-2005-жылдарға арналған бағдарлама аясында "2004-жылдың екінші тоқсанынан бастап еліміз қалаларындағы телефон үшін төлейтін абоненттік төлем жеке тұлғалар үшін 530 теңгеге дейін көтеріледі". Бұл туралы бүгін, 22-желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 395
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, саланы дамыту бағдарламасында телекоммуникациялық қызметтер рыногын біртіндеп ырқына жіберу және жаңа операторларды салаға арту арқылы бәсекелі орта қалыптастыру қарастырылған. Саланы ырқына жіберудің басты әрі маңызды кезеңдерінің бірі ретінде Б.Қанешев «телекоммуникациялық қызмет түрлерінің тарифін пайдалы деңгейге дейін көтеруді » атады. Оның айтуынша, «елімізде бірнеше жылдар бойы абоненттік байланыс қызметімен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарға мүлдем сәйкеспейтін төмен баға сақталып келді». «Пайдасы жоқ, рентабельділіктен жұрдай салаға оператор қызығушылық танытпайтындықтан, баламалы операторларды рынокқа тарту үшін абоненттік төлем деңгейін арттыруға тура келеді «,- дейді агенттік төрағасы. Соның арқасында қалаларда бәсекелі орта қалыптастыру қажет деді Б.Қанешев.

«Халықаралық және қалааралық байланыс құны бәсекелестік қалыптасқанда ғана арзандайды»,- деп сендірді ол. Мекеме басшысының жорамалына жүгінсек, халықаралық байланыстың бағасы 2006-жылы үш есе арзандайды. Тұтастай алғанда, ақпараттандыру агенттігінің есебі бойынша, жеке азаматтың бұл салаға жұмсайтын жеке шығыны әжептәуір азаюы тиіс.
Сондай-ақ, Б.Қанешевтің хабарлауынша, еліміз үкіметі халықтың кедей бөлігін қорғауға шаралар қарастырып отыр. «Осындай категориялы азаматтарға мемлекет өтемақы төлейді»,- деді ол. Б.Қанешевтің мәлімдеуінше, «либерализациялау барысында ауылдағы абонент үшін баға бұрынғы деңгейде қалады». Осындай мақсатпен, 2004-жылғы республикалық бюджетте «ауылға келетін оператордың шығындарының орнын толтыру үшін 2,5 млрд. теңге арнайы бөлінеді». Сөйтіп, «оператордың таба алмаған пайдасының бір бөлігі бюджеттен дотация түрінде бөлінеді»,- деді Б.Қанешев.
2004-жылдың 1-сәуірінен бастап агенттік ауылдағы байланыс қызметін көрсетуге бірнеше тендер өткізуді межелеп отыр. Осыған орай Б.Қанешев » ауылда қолайлы жағдай жасалып, онда жаңа операторлар пайда болады» дегенге үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар