2004-жылдың мамыр айының аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ кенішінен 100 мың тонна мұнай айдау көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың мамыр айының аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ кенішінен 100 мың тонна мұнай айдау көзделіп отыр

2004-жылдың мамыр айының аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ кенішінен 100 мың тонна мұнай айдау көзделіп отыр

2004-жылдың мамыр айының аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ кенішінен 100 мың тонна мұнай айдау көзделіп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

Қарашығанақтан КТК құбыр жүйесімен мұнай тасымалдау 16-мамырда басталған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеніштен тасымалданатын мұнай көлемін біртіндеп жылына 6 млн. тоннаға, ал айына 500 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тағы бір экспортерды құбыр жүйесіне біріктіру КТК-мен тасымалданатын мұнай көлемін жылына 24 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұзындығы 635 шақырымдық Қарашығанақ-Үлкен Шаған-Атырау бағытындағы жаңа құбырмен Қарашығанақ мұнайын КТК жүйесіне жеткізу бастапқыда 2003-жылдың қыркүйек айына межеленген болатын. Алайда, құбырға жіберілетін алғашқы мұнай техникалық стандартқа сай болмай шықты.
Ұзындығы 1,58 мың шақырымды құрайтын Теңіз-Новоросийск Каспий құбыр жүйесі Батыс Қазақстандағы мұнай кеніштерін Ресейдің Қара теңіз жағалауымен жалғастырады. Бастапқы кезеңде құбырдың өткізгіштік қуаты жылына 28,2 млн. тоннаны құрайды, оның 21,7 млн. тоннасын Қазақстан қамтамасыз етуі тиіс. Каспий құбыр жүйесінің жобалық қуаты біртіндеп жылына 67 млн. тоннаға жеткізілуі тиіс. 2004-жыл басынан бері КТК жүйесімен 7 млн. тоннаға жуық Қазақстан мұнайы тасымалданды.
КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.

Соңғы жаңалықтар