2004-жылдың наурызынан бастап шетелдік жұмыс күшін әкелуге рұқсат беру функциясы жергілікті атқарушы органдарға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың наурызынан бастап шетелдік жұмыс күшін әкелуге рұқсат беру функциясы жергілікті атқарушы органдарға беріледі

2004-жылдың наурызынан бастап шетелдік жұмыс күшін әкелуге рұқсат беру функциясы жергілікті атқарушы органдарға беріледі

2004-жылдың наурызынан бастап Қазақстан аумағында еңбекпен айналысу үшін шетелдік жұмыс күшін әкелуге рұқсат беру функциясы жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған "ҚР халықты еңбекпен қамту туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңында айтылған.

  • 2 Ақпан 2004
  • 511
Фото - Caravan.kz

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың пікірінше, шетелдік жұмыс күшін әкелуге рұқсат беру функциясын жергілікті атқарушы органдарға жүктеу «рұқсат беру процессінің қарқынын арттыруға, жергілікті атқарушы органдар мен осы аймақтарда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді».

Заңға сәйкес, облыстар мен Астана және Алматы қалаларына шетелдік жұмыс күшін әкелуге квота тарату функциясы орталық атқарушы мекеменің құзырында қалады.
Еңбек министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2003-жылы бұл квота еліміздің экономикалық белсенді халық санының 0,14 процентін, басқаша айтқанда, абсолютті көрсеткіш бойынша 8900 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар