Қ.Досмұхаметов ортаға салған мәліметке сәйкес, 2004-жылғы 1-ақпанда сақтандыру сыйақысының көлемі 45,8%-ке өсіп, 4,1 млрд. теңгеге, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 67,6%-ке өсіп 0,88 млрд. теңгеге жетті. Ерікті мүлік сақтандыру сыйақысы 35,9%-ке өсіп, 2,8 млрд. теңгеге жетті. Қ.Досмұхаметовтың айтуынша, сақтандыру төлемдерінің көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 159,6%-ке артып, 0,66 млрд. теңгені, соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 182,6%-ке өсіп, 0,22 млрд. теңгені құрады. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 20,2%-ке өсіп, 0,08 млрд. теңгеге, ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 234,2%-ке өсіп, 0,36 млрд. теңгені құрады.
2004-жылдың 1-наурызындағы жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 34 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде 2 ұйым өмірді сақтандыру бойынша, 27-сі көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру лицензиясына ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым мен 76 аудитор тіркелген.