2004-жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанның өнеркәсіп өнімі 8,9 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанның  өнеркәсіп өнімі  8,9 процентке өсті

2004-жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанның өнеркәсіп өнімі 8,9 процентке өсті

2004-жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанның өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,9 процентке өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өнеркәсіп өнімі тиісінше 3,4 және 6,7% төмендеген . Ал Қазақстанның басқа барлық өңірлерінде 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалды. Аса көп өсуіне Жамбыл облысында (26,3%) қол жеткізілсе, ең аз өсуі Солтүстік Қазақстан облысында (2,5%) орын алды.

Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық денгейі еліміздің 8 өңірінде асып түсті.
2004-жылдың қаңтар-ақпанында өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі индексінің өзгеруі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республика өңірлері бойынша мынадай көрсеткішті құрады : Атырауда 7,7% , Қарағандыда 3,0%, Солтүстік Қазақстан облысында 2,5%, Шығыс Қазақстанда 2,9%, Маңғыстауда 11,8%, Оңтүстік Қазақстанда -6,8%, Батыс Қазақстан облысында 14,0%, Астана қаласында 12,9%, Қостанайда 4,4%, Павлодар облысында 9,6%, Жамбыл облысында 26,3%, Алматы қаласында 19,9%, Алматы облысында 7,6%, Ақмола облысында -3,4%, Ақтөбе облысында 20,2%, Қызылорда облысында 12,5%-ті құрады.