2004-жылдың сәуір айында Алматыда өтетін III Еуразиялық медиафорумға шетелдік азулы БАҚ-тардың өкілдері шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың сәуір айында Алматыда өтетін III Еуразиялық медиафорумға шетелдік азулы БАҚ-тардың өкілдері шақырылды

2004-жылдың сәуір айында Алматыда өтетін III Еуразиялық медиафорумға шетелдік азулы БАҚ-тардың өкілдері шақырылды

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінде III Еуразиялық медиафорумды ұйымдастырушылар Британдық және халықаралық БАҚ-тардың өкілдерімен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 349
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысқан қонақтардың арасында «ВВС», «ИТАР-ТАСС», «Reuters», «Financial Times», «The Times», «Тhe Sunday Telegraph», «Тhe First Magazine», «Media Diversity», «Canadian Broadcasting Corporation» тәрізді танымал БАҚ-тардың өкілдері болды.

Еуразиялық медиафорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен форумға дайындық жөніндегі Лондондық топтың басшысы С.Филипс Алматы жиынына деген қызығушылығы үшін ризашылық білдіре отырып, кездесуге қатысушы барлық журналистерді 2004-жылдың сәуір айында Алматыда өтетін кезекті медиафорумға шақырды.
Бейресми кездесуге сондай-ақ, Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы лорд Фрейзер, Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің Шығыс департаментінің өкілі Ч.Хилл мен ханзада Кентскийдің көмекшісі Н.Чанс қатысты.

Соңғы жаңалықтар