2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда тұратын қазақтар саны 8 млн. 550 мың адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда тұратын қазақтар саны 8 млн. 550 мың адамға жетті

2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда тұратын қазақтар саны 8 млн. 550 мың адамға жетті

2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда тұратын қазақтар саны 8 млн. 550 мың адамды, орыстар саны 4 млн. 72 мың адамды, украиндар 469 мың адамды, өзбектер 409 мың адамды, немістер 237 мың адамды, татарлар 232 мың адамды, ұйғырлар 223 мың адамды, белорустар 96 мың адамды құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 25 Ақпан 2004
  • 915
Фото - Caravan.kz

Халықты ұлттық құрамына қарай алып қарасақ, республикада қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар мен белорустар сынды 8 ұлт өкілдері сан жағынан басым түседі. Олардың үлес салмағы жалпы Қазақстан халқының 95,6 процентін құрайды.

Халық санағынан кейінгі кезеңде республиканың негізін құрайтын қазақтардың үлес салмағы 7,1%-ке өссе, олардың абсолютті саны Қазақстан аумағында тұратын басқа барлық ұлт және ұлыстардың жалпы санынан асып түсті.
Ал 1999-2004-жылдар аралығындағы Қазақстан аумағында тұратын халықтар санының өсіміне келсек, қазақтар саны 565 мың адамға (7,1%), өзбектер саны 390 мың адамға (10,5%), ұйғырлар 126 мың адамға (6%), кәрістер 578 мың адамға (0,6%), әзербайжандар 6 мың адамға (6,8%), түріктер 7 мың адамға (9,3%) өсті. Сонымен бірге Қазақстан аумағында тұратын орыстар саны 1999-2004-жылдар аралығында 407 мың адамға (-9,1%), украиндар саны 77 мың адамға (-14,2%), немістер 115 мың адамға (-32,8%), татарлар 16 мың адамға (-6,5%), белорустар 15 мың адамға (14%) кеміді.

Соңғы жаңалықтар