2004-жылғы бюджет еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасауы тиіс - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы бюджет еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасауы тиіс  - ҚР Елбасы

2004-жылғы бюджет еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасауы тиіс - ҚР Елбасы

2004-жылғы бюджет еліміздің стратегиялық және ағымдағы мақсаттарын жүзеге асыруға мейлінше жағдай жасауы тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2-қыркүйекте Астанада өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында атап көрсетті.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 400
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы депутаттарға сайлау алдындағы мүддесінің заң шығару жөніндегі қызмет бабындағы мүддесінен басым түспеуін ескертіп өтті. Осы орайда Н.Назарбаев «сайлау қарсаңындағы кезеңде, қалыптасқан үрдіске сәйкес, көбінесе әлеуметтік бағыттағы заңдарды қабылдауға деген құлшыныстың арта түсетінін» мойындады. Әлеуметтік бағыттағы мәселелердің басым бөлігі Елбасының сәуір айындағы жолдауында негізінен айқындалғандықтан ендігі жерде «аспандағы айға қол жеткізуді көздейтін аптықпа жоспарлар жасаудың» қажеті шамалы ,- деді президент. «Қаржының басым бөлігін көбінесе жинақтай үнемдеп, даму мақсатына арнау дұрыс. Болашақ ұрпаққа қандай мұра қалдырамыз дегенді ой елегінен өткізген жөн»,- деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы осыдан санаулы ғана жыл бұрын жан басына шаққандағы Жалпы ішкі Өнім мөлшеріне қарай бауырлас республикалар арасында 11-ші орынды еншілеген Қазақстан қазір бұл көрсеткіш бойынша ТМД бойынша Ресейден кейінгі екінші орынға көтерілгенін ерекше атады. «Қазір біздің суырылып алға шығуға мүмкіндігіміз толық»,- деді Н.Назарбаев. Алайда «бірқатар көрсеткіштер бойынша бүгінде біз дүниежүзінің көптеген өркениетті елдерінен кенжелеп қалдық, сол себепті бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстанға мол қаржы көзі, қыруар инвестиция қажет, оның өзі ішкі инвестиция болғаны абзал»,- деп қорытты өз сөзін Н.Назарбав.

Соңғы жаңалықтар