2004-жылғы республикалық бюджетте кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын толықтыруға 750 млн. теңге қарастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы республикалық бюджетте кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын толықтыруға 750 млн. теңге қарастырылды

2004-жылғы республикалық бюджетте кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын толықтыруға 750 млн. теңге қарастырылды

2004-жылғы республикалық бюджетте кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын толықтыруға 750 млн. теңге қарастырылды. Бұл туралы бүгін, 30-қазанда Астанада өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы қарсаңындағы "Мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығы" атты дөңгелек үстелде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады.

  • 30 Қазан 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш қордың қаржысы еліміздің дамуы тежелген аймақтарындағы шағын бизнес нысандарын несиелендіру мақсатына бөлінеді»,- деді Қ.Келімбетов. «Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес тек Астана мен Алматыда ғана емес, сонымен бірге, облыс орталықтары мен еліміздің шалғай аудандарында да шоғырлауы тиіс»,- деді министр.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, жалпы алғанда алдағы екі жылда қордың жарғылық қорын арттыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар