2004-жылғы республикалық бюджетте тұрғынүй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша сыйақыларды төлеуге 6,431 млн. теңге қарастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы республикалық бюджетте тұрғынүй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша сыйақыларды төлеуге 6,431 млн. теңге қарастырылды

2004-жылғы республикалық бюджетте тұрғынүй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша сыйақыларды төлеуге 6,431 млн. теңге қарастырылды

2004-жылғы рсепубликалық бюджетте тұрғынүй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша сыйақыларды төлеуге 6,431 млн. теңге қарастырылды. Бұл туралы бүгін, 9-желтоқсанда ресми баспасөзде жарияланған 2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы заң мәтінінде атап көрсетілген.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 576
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, заңның 42-бабында көрсетілгеніндей, 2004-жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүй құрылыс жинақ ақша банкі» ЖАҚ арқылы алынған жеңілдікті тұрғынүй кредиттері қарыз алушыларының 2003-жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 96 582 мың теңге көзделген.

Қазақстанның Тұрғынүй құрылыс жинақ ақша банкі ҚР үкіметінің 2003-жылғы 16-сәуірдегі қаулысына сәйкес жарғылық қоры 100 процент мемлекет иелігінде болатын акционерлік қоғам түрінде құрылған. Тұрғынүй құрылыс жинақ ақша банкі тұрақты жалақылы жұмысы бар, бірақ жаңа пәтер сатып алуға жеткілікті мөлшерде қор жинай алмаған еліміз тұрғындарын тұрғын үймен қамту проблемасын шешуге бағытталған ең бір ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Алдын-ала жорамалға сәйкес, тұрғынүй құрылысы үшін ақша жинақтау жүйесіне еліміздің 1,5 млн.-нан астам тұрғыны жұмылдырылады деп күтілуде.
Тұрғынүй құрылысы үшін ақша жинақтау жүйесінің басты ерекшелігі «Тұрғынүй құрылыс жинақ ақша банкі» ЖАҚ-ның жинақ есепшотында қаржы жинақтауға саяды. Шарт бойынша, бастапқы кезеңде сатып алынатын (пайдалануға берілетін немесе күрделі жөндеуден өткізілетін) тұрғын үй құнының 50 процентінен кем емес мөлшерде ең төменгі қаржы сомасын жинақтау қажет. Бұдан кейін Тұрғынүй құрылыс жинақ ақша банкі өз салымшыларына сатып алынатын үйдің құны немесе жөндеу құны мен жинақталған қаржы көлемінің арасындағы айырмашылыққа тең мөлшерде тұрғынүй несиесін береді.
Ақшаны қолма-қол банкке салу немесе аударым жасау арқылы жинақтауға болады. Жинақ ақша көлеміне тікелей салым сомасы, банктің өсімақысы мен мемлекет тарапынан төленетін сыйақы қамтылады. Банк салымшыларына жыл сайын салым мөлшерінің 20 проценті мөлшерінде мемлекеттік сыйақы белгіленеді. Бірақ жыл сайынғы сыйақы белгіленетін салым мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіштен артпайды. Тұрғын үй жинақ ақша салымдары бойынша өсімақы мен мемлекеттік сыйақы жыл сайын салымның жалпы көлемін ұлғайтуға бағытталады.
Тұрғынүй құрылыс жинақ ақша банкі Қазақстан рыногінде биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп, салымдарды тартуға кірісті.

Соңғы жаңалықтар