2004-жылғы республикалық бюджетте Ұлттық қорға қаржы аударатын кәсіпорындардың тізімінен 3 мұнай компаниясы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы республикалық бюджетте Ұлттық қорға қаржы аударатын кәсіпорындардың тізімінен 3 мұнай компаниясы шығарылды

2004-жылғы республикалық бюджетте Ұлттық қорға қаржы аударатын кәсіпорындардың тізімінен 3 мұнай компаниясы шығарылды

"ҚР үкіметі парламент қарауына берген 2004-жылғы республикалық бюджетте Ұлттық қорға қаржы аударуға міндетті шикізат секторы кәсіпорындарының санын қысқарту көзделген. Қазір бұл тізімнен Дон кен байыту комбинаты, Қазақмыс, Қазмырыш, ПетроҚазақстан, ТорғайПетролиум, Теңізшевройл кәсіпоындарын шығару ұсынылып отыр. Тізімнен ПетроҚазақстанды шығару себебі кәсіпорынның амортизациялық шығынды есептеудің жеделдетілген әдістемесіне көшірілуіне байланысты ". Бұл туралы БАҚ-тарға арнап Алматыда өткізіліп жатқан "Мұнайдан түскен кірістер туралы ақпаратты жария ету" тақырыбындағы семинарда Қоғамдық проблемаларға талдау жасау орталығының директоры Меруерт Махмутова хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Бюджеттік кодекс жөніндегі сараптама жобасын дайындап жатырмыз, жоба көп кешікпей еліміз парламентшілеріне ұсынылады»,- деді М.Махмутова. Қоғамдық проблемаларға талдау жасау орталығы тарапынан парламентке жолдаған ұсыныстардың бірі «Ұлттық қор қаржысын қалыптастыру және оны жұмсау тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге байланысты». М.Махмутова осы орайда: «үкімет дайындап парламентке ұсынатын ұйымдар тізімін парламент бекітуі тиіс деген пікірді орталық қолдайды. Біздің пікірімізше, Ұлтттық қордың қаржысын жұмсау бағыттары, көлемі мен оларды пайдалану жөніндегі шешімдерді бекіту құқығына парламент ие болуы тиіс»,- деп атап көрсетті.

М.Махмутованың мәліметіне жүгінсек, «қор қаржысы толық көлемде шетелдік рыноктарға инвестициялануда. Осыған байланысты еліміз үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар маңызды сұрақ туындап отыр. Айталық, қорды басқару тетігі қандай болуы тиіс, ұлттық қорда жинақталатын қаржы мөлшерінің жоғарғы шегі қандай» деген сауалдарға жауап қажет.
М.Махмутованың хабарлауынша, «қордың іс-қызметі жөніндегі есепке сәйкес, қор активтерінің кірістілік деңгейі жылдық 2,5 процентті құрап отыр». Қазір Ұлттық қорда жиналған қаржы көлемі 2,7 млрд. долларға жетті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылғы 2-қазанда өткен мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов 2004-жылдан бастап Ұлттық қорға қаржы құюға тиіс ұйымдардың тізімі қысқартылатынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, түсті металл экспорттаушы ұйымдар тізімнен шығарылған. «Біздің пайымдауымызша, алдағы жылы түсті металл бағасы индикативтік жоспарда межеленген бағадан жоғары өспейді. Сондықтан да осы саладағы кәсіпорындардан жоспардағыдан артық көлемде салық түсімін күту мүмкін емес «,- деді министр. Оның айтуынша, түсті металл экспорттаушы кәсіпорындар барлық салық түрлерін ендігі жерде республикалық бюджетке төлейді.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы бойынша, Ұлттық қорға құйылатын қаржы көлемі 2005-жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгеге жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар