Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, республикалық бюджеттің дефициті Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9-2 проценті шамасында жоспарланып отыр. «Дефицит көлемі 2 проценттен артпайды»,- деді ол.
Алайда, ақпарат көзінің айтуынша, қазіргі таңда 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігі түбегейлі қалыптасқан жоқ. «Қазір министрліктер мен аймақтар арасында бюджеттік бағдарламалар төңірегінде ақырғы келісімге келу шаралары жүргізілуде»,- дейді ол.
Ақпарат көзінің айтуынша, тұрақты жұмыс істеуші бюджеттік комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен таяу уақытатрда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу межеленген. Осы отырыста 2004-жылғы бюджет жобасының барлық көрсеткіштері түбегейлі келісіледі. Республикалық бюджеттің жобасы осыдан кейін парламент қарауына тапсырылады.
Заң бойынша, республикалық бюджеттің жобасы парламентке 15-қыркүйектен кешіктірілмей парламентке табысталуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Мәдениет
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр