2004-жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған кірісінің басым бөлігін мұнай секторынан бір мәрте түскен түсімдер құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған кірісінің басым бөлігін мұнай секторынан бір мәрте түскен түсімдер құрайды

2004-жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған кірісінің басым бөлігін мұнай секторынан бір мәрте түскен түсімдер құрайды

2004-жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған кірісінің басым бөлігін мұнай секторынан бір мәрте түскен түсімдер құрайды. Бұл туралы бүгін, 13-мамырда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов

  • 13 Мамыр 2004
  • 412
Фото - Caravan.kz

нақтыланған бюджет жобасының парламенттегі тұсаукесерінен кейін журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

«Бюджетке енгізілетін негізгі өзгеріс салық төлеушілердің 46,8 млрд. теңгені құрайтын бір мәрте төлемдеріне байланысты»,- деді министр.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, бұл қаржыға «Agip KCO» консорциумының Қашаған кенішінде коммерциялық мақсатта мұнай өндіру мерзімін кешеуілдетуіне байланысты өтемақы ретінде төлейтін 150 млн. доллары да қамтылған. Сондай-ақ, Қашаған кенішіндегі өз үлесін басқаға тапсырған BG Group консорциумы да корпоративтік кіріс салығын төлеуі тиіс. Ал «Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» арасындағы Аташ кеніші бойынша өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге сәйкес тағы да 1,4 млрд. теңге қазына қоржынына құйылуы тиіс.
Бұған қоса макроэкономикалық көрсеткіштерді қайтадан қарау есебінен республикалық бюжеттің кіріс бөлігі қосымша 8,7 млрд. теңгеге толыққалы отыр. Мәселен, Жалпы Ішкі Өнімнің өсу қарқыны бұрынғы жоспарланған 7 проценттің орнына 8,1 процент деңгейінде межеленді. Ал бұған дейін бір доллар үшін 153,5 теңге шамасында жорамалданған орташа теңге бағамы 138,3 теңгені құрайды. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жоспардағыдай бір барреліне 22 доллардың орнына 27,1 долларға бағаланады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар