Оның айтуынша, былтыр БАҚ-тарды қылмыстық қудалау оқиғаларының саны 21 болды. 2003-жылмен салыстырғанда көрсеткіш өзгермеген. Қылмыстық істер жалған жала жабу, жәбірлеу, ұлтаралық араздық отын өршіту жөніндегі айыптар бойынша қозғалған.
2004-жылы жалпы алғанда БАҚ-тар мен журналистерге қарсы сотқа 121 шағым түсірілген. 120 шағым ар-ұждан мен беделді қорғау жөнінде.
Шағымдар бойынша БАҚ-тар мен журналистерден талап етілген төлем мөлшері 100 трлн. теңгеден асты. 47 мәрте заңды тұлғалар, 41 мәрте азаматтар, 32 мәрте шенеуніктер журналистерге қарсы шағым түсіруге бастама көтерді.