Биыл Ақсу жылу электр станциясында №3 энергоблокты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бір қазанның корпусындағы электрофильтр жаңаланды. Жаңалау нәтижесінде электрофильтрлердің пайдалы жұмыс коэффиценті 99,6 процентке дейін өсіп, ауаға тасталатын өнеркәсіптік қалдықтар азаяды деп күтілуде. Ақсу жылу электр станциясы үшін табиғат қорғау шараларына бөлінген қаржы көлемі 2004-жылы 306 млн. теңгені құрады.
2005-жылы ЕвроАзиялық энергетикалық корпорациясы №3 энергоблокты кең көлемді реконструкциялау жұмыстарын одан әрі жалғастыруды көздеп отыр. Станцияның энергоблоктары 1968-1975-жылдар аралығында іске қосылып, жұмысқа жарамдылық мерзімі аяқталғандықтан, жылу электр станциясында энергетикалық жабдықтарды 2010-жылға дейін сатылы түрде жаңалау бағдарламасы қабылданған.
«Станцияны реконструкциялау өндіріс көлемін азайтуға себепкер болмайды. Станция тіпті 9,9 млрд. Квт/сағ электр қуатын өндіріп, жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындады»,- дейді ЕвроАзиялық энергетикалық корпорациясының баспасөз қызметіндегілер.