2004-жылы Ақтау әуежайында аэровокзал құрылысы салына бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Ақтау әуежайында аэровокзал құрылысы салына бастайды

2004-жылы Ақтау әуежайында аэровокзал құрылысы салына бастайды

Тендерде жеңіске жеткен "Қазаэрожоба" РМК жасап шығарған "Ақтау әуежайының халықаралық аэровокзалы" жобасы үкіметте бекітілсе, аэровокзал құрылысын салу таяу уақыттарда қолға алынады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтау әуежайының директоры Владимир Аягацков хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 727
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, аэровокзал құрылысын салуға облыстық бюджеттен 10 млн. доллар бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2 жылға созылады. Жоба халықаралық стандарттарға және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы -ИКАО-ның нұсқауларына сәйкес жасалған.

В.Аягацковтың айтуынша, «Ақтау әуежайының халықаралық аэровокзалы» жобасы аймақты 2010-жылға дейін дамыту жөніндегі стратегиялық жоспардың басымдықтары мен Қазақстан Республикасының 2030-жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкеседі.
Әуежайға келуші адамдар саны 175, кетушілер саны тағы да 175, ал транзитті жолаушылар саны 150 адамды құраған жағдайда жұмыстың ең қарбалас кезеңінде аэровокзалдың өткізгіштік қабілеті 350 жолаушыға тең болмақ.
2003-жыл қорытындысы бойынша, аэровокзал 100 мың жолаушыға қызмет көрсетті. 2020-жылы тасымал көлемі жылына 700 мың жолаушыға жетеді деп күтілуде.
В.Аягацковтың хабарлауынша, сондай-ақ, биылғы жылдың маусым-шілде айларында 60 орынға есептелген қонақүй құрылысы салына бастайды. 1,5 жылда салынып бітетін бұл нысан экипаж бен транзитті жолаушыларға арналған люкс класты, сондай-ақ, бір және екі орынды бөлмелерден тұратын болады.
Қонақүй құрылысы әуежай бюджетінен бөлінген және Қазкоммерцбанктен несиеге алынатын 2 млн. долларға салынып, 3 жылда ақталады.
Еліміз бойынша жеке аэровокзалы жоқ бірден-бір облыс орталығы осы Ақтау болып отыр. 1984-жылы салынып, уақытша пайдалануға берілген ғимарат күні бүгінге дейін әжетке жарап келген. Әрі ол халықаралық стандарт талаптарына сай емес.
Соған қарамастан, 1999-жылдан бері Ақтау халықаралық әуежайы көрсетілетін қызметтер көлемін үздіксіз ұлғайтып, пайдалы жұмыс істеп келеді. 1999-жылы 32 мың жолаушыға қызмет көрсетілсе, 2002-жылы бұл көрсеткіш 75 мың адамға жетіп, 2,3 есе өсті. Биыл 2500 ұшаққа қызмет көрсетілді. Бұл 1999-жылғы деңгейден 1,7 есе артық.
Жоба авторларының ақпаратына жүгінсек, Ақтау әуежайында халықаралық аэровокзал салу ИЛ-76, Бойнг-737 және А-310 тобына жататын ұшақтарды қабылдауға жағдай жасап, әуежайдың ұшақтарға қызмет көрсету жөніндегі өткізгіштік қабілетін арттырып, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жаңа аэровокзалды іске қосу жүк және жолаушы тасымалын, соның ішінде халықаралық тасымал көлемін арттырып, қызмет көрсетілетін ұшырылымдар санын өсіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар