2004-жылы Ақтау қалалық бюджетінен білім беру саласын дамытуға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Ақтау қалалық бюджетінен білім беру саласын дамытуға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді

2004-жылы Ақтау қалалық бюджетінен білім беру саласын дамытуға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді

2004-жылға арналған Ақтау қалалық бюджетінің шығыс бөлігі 2,4 млрд. теңгеге жоспарланып, оның 1,5 млрд. теңгеден астамы білім беру саласын дамытуға жұмсалатын болды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың төртінші сессиясында қалалық қаржы бөлімінің бастығы Ада Ким хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 632
Фото - Caravan.kz

Білім беру саласына арналған қаржының 46 млн. теңгеден астамы жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады. Атап айтсақ, бұл қаржы информатика класстарына арнап желдеткіштер, тақталар, мектеп парталары, басқа да жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

2004-жылғы қалалық бюджетте денсаулық сақтау саласына 29,9 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздық саласына 366,2 млн. теңге қарастырылған. Оның 148,1 млн. теңгесі жан басына шаққандағы айлық кірісі кедейлік шегіне жетпейтін отбасыларға (жеке адамдарға) атаулы әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Қазір облыс орталығында осындай 6100 алушы тіркелген. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қорғалған тұрғындар тұрғын-үй коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын төлеуге арналған тұрғын- үй жәрдемақысына үміт арта алады. Бұл мақсатқа бюджетте 44 мың теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, тұрақты көмекке зәру жалғызбасты мүгедек жандарға мемлекеттік жәрдемақыға қосымша ретінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмекке 1,4 млн. теңге бөлінбекші. Өз отбасыларында тәрбиленіп білім алатын мүгедек 120 баланы материалдық қамтамасыз ету үшін бюджетте 3,5 млн. теңге қарастырылды.
2004-жылғы бюджетте 30,4 млн. теңге халықты жұмыспен қамту мақсатына арналды. Бұл қаржының 28,5 млн. теңгесі жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын қаржыландыруға, 1,9 млн. теңгесі жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға және оларды қайтадан дайындауға жұмсалады.
Қалалық бюджетте тұрғын-үй-коммуналдық саланы дамытуға 120,3 млн. теңге көзделді. Оның 3,8 млн. теңгесі туыс-туғандары жоқ жалғызілік адамдарды жерлеуге және бейіттердің бағым-күтіміне, 45,5 млн. теңгесі елді мекендердің тазалығын сақтауға, 14,6 млн. теңгесі қалалық қоқыс қоймасының жұмысына, 4,5 млн. теңгесі қала көшелерін жарықпен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыруға жұмсалмақшы.
Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікті дамытуға қалалық бюджетте 83,2 млн. теңге, көлік және байланысты дамытуға 52,5 млн. теңге, құрылыс саласына 15 млн. теңге, басқа да шығындарға 55,6 млн. теңге қарастырылған. Бюджетте сондай-ақ, жалпылама сипаттағы мемлекеттік қызмет түрлерін қамтамасыз етуге 88,4 млн. теңге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 9,5 млн. теңге көзделді.
Ақтау әкімшілігінің қандайбір төтенше жағдайларға, соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қоры 26 млн. теңге болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар