Облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Химчук басқарған облыстық бюджеттік комиссия 2004-жылға арналған инвестициялық жобаларды қарай бастамақшы. Облыс басшылығы мектептер, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды күрделі жөндеуге қажетті жергілікті бюджеттен инвестицияланатын қаржы жөніндегі өтінімдерді облыстық басқармалардың басшыларынан үш күн ішінде қабылдайды.
«Отырыста жасалатын тізім бойынша алдағы жылдың басында мақсатты тендер өткізіп, айрықша маңызды нысандарды қаржыландыруға мүмкіндік бар «,- деді KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Ақтөбе облыстық экономика және индикативтік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Асылбек Ескендіров.