2004-жылы Арал аймағында сексеуіл мен жыңғылды заңсыз кесуге қатысты 167 дерек әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Арал аймағында сексеуіл мен жыңғылды заңсыз кесуге қатысты 167 дерек әшкереленді

2004-жылы Арал аймағында сексеуіл мен жыңғылды заңсыз кесуге қатысты 167 дерек әшкереленді

2004-жылы Арал аймағында сексеуіл мен жыңғылды заңсыз кесуге қатысты 167 дерек әшкереленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық орман және хайуанаттар дүниесін қорғау басқармасынан хабарлады.

  • 10 Маусым 2004
  • 528
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметіне сәйкес, әсіресе Жаңақорған, Қармақшы және Қазалы аудандары тұрғындарының арасында сексеуілді заңсыз кесу оқиғалары жиі кездесуде. Алайда, айыппұл ретінде салынған 174 мың теңгенің әзірге 154 мыңын ғана өндіріп алуға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ, облыстық орман және хайуанаттар дүниесін қорғау басқармасының маманы Тимур Базарбаевтың айтуынша, «наурыз айының ортасынан қыркүйек айының орта шеніне дейін Қызылорда облысында аң аулауға тыйым салынғанына қарамастан, табиғат қаскөйлері тыйымға пысқырып та қарамай отыр». Қорықшылар аң аулау тәртіптерін бұзуға қатысты 18 дерек әшкереледі. Айыппұл көлемі 27 мың теңгені құрайды.

Перейти к новостям спорта