Елбасының пікірінше, «ғимараттың бір қанатын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы түгелімен иемденіп, онда барлық ұлттық-мәдени орталықтар орын тебе алады. Ал екінші қанатында еліміздің барлық аймақтары мен облыстарынан келген өкілдерге орын берілуі тиіс» .
«Мен бұл сарайдың ішіне шағын мешіт, шіркеу, синагога және будда храмының бәрі де сыйып тұрғанын қалар едім. Соның нәтижесінде адамдар бір қақпадан кіріп, әркім өз құдайына сыйына алар еді»,- деді Н.Назарбаев.