2004-жылы балық ресурстарын қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік басқармасы материалдық-техникалық базасын жаңаламақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы  балық ресурстарын қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік басқармасы
материалдық-техникалық базасын жаңаламақшы

2004-жылы балық ресурстарын қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік басқармасы материалдық-техникалық базасын жаңаламақшы

2004-жылы балық ресурстарын қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік басқармасы

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 432
Фото - Caravan.kz

материалдық-техникалық базасын жаңаламақшы. ҚР ауылшаруашылығы министрлігі бұл мақсатқа 200 млн. теңге бөлгелі отыр. Бұл туралы Атырауда өткен баспасөз мәслихатында басқарма бастығы Юрий Ромашов хабарлады.

Оның айтуынша, бөлінетін қаржыға көлік, байланыс және дабыл құралдары, теңіз және өзен кемелері, 40 қайық пен басқа да қажеттіліктерді сатып алу көзделген. Қазіргі таңда басқарма қызметкерлері байланыс құралдарын өздері сатып алып, көлікті өз есебінен жалдауға мәжбүр.
Сондай-ақ, Ю.Ромашовтың айтуынша, 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап балық қорғау басқармасының инспекторлары мемлекеттік қызметкер деген мәртебеге ие болып, жалақысы өседі. Бүгінде олардың жалақысы 5-7 мың теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 5 есе өседі деп күтілуде. Ю.Ромашовтың айтуынша, өз кезегінде бұл балық қорғау қызметіне қызметкер қабылдауда қойылатын талаптарды күшейтуге негіз болып, инспекторлардың кәсіпқойлық деңгейін арттырады.
Балық ресурстарын қорғау жөніндегі басқарма мәліметтеріне сәйкес, соңғы жоспарлы аттестация қорытындысы көрсеткендей, 205 қызметкердің 20-сы лауазымына лайық емес болып шықса, 26-сы қайтадан аттестациялауды талап етеді.
Басқарманың 2003-жылғы алдын-ала жұмыс қорытындысына Ю.Ромашов «жаман емес» деп баға береді. Атап айтсақ, биыл браконьерлік дендеп кеткен Каспийдің солтүстік жағалауындағы Жамбай ауылындағы ахуалды тұрақтандыруға шара қолданылды. Бұл учаскеде бұған дейін таратылып жіберілген Исатай теңіз инспекциясы қайтадан құрылды. Сондай-ақ, «Атыраубалық» ААҚ Жамбайлықтарға арнап бекіре тұқымдас балықтарды аулауға квота бөлді. Балық қорғау қызметінің басшысы күзгі балық аулау маусымының нәтижесіне қанағаттанады. «Нарық кез-келген өзгеріске өте сезімтал. Сол себепті балық аулау маусымынан кейін жасырын сатылатын уылдырық бағасының қымбаттауы бірдеңені меңзесе керек»,- деді Ю.Ромашов.