Банктің акционерлік капиталы бір жылда 64 процентке өсіп, 2004-жылдың аяғындағы жағдаймен 12,2 млрд. теңгеге жетті. 2003-жылғымен салыстырғанда таза пайда көлемі 1,9 есе өсіп, 2,4 млрд. теңге болды.
Жылдың аяғында ЦентрКредит банкінің несиелік қоржынының жалпы көлемі 91,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде бөлшек несиелер қоржыны 2 еседен артық өсіп, 19,2 млрд. теңгеге жетті. Салымшылардың мерзімді депозиттерінің мөлшері де 2 есе өсіп, 68,4 млрд. теңге болды.
«The Banker» журналының мәліметі бойынша, «Банк ЦентрКредит» АҚ өтпелі экономикалы елдердегі ең қарқынды дамып келе жатқан 50 банктің арасынан 7-ші орында.
ЦентрКредит банкі Қазақстандағы ірі банктердің бестігіне енеді. Moodys Investors Service рейтинг агенттігі шетел валютасындағы банк депозиттері бойынша оған ВА 1 ұзақ мерзімді рейтингін берген.