2004-жылы "CNPC -Ақтөбемұнайгаз" ААҚ жылдық мұнай өндіру мөлшерін 5,3 млн. тоннаға жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы "CNPC -Ақтөбемұнайгаз" ААҚ жылдық мұнай өндіру мөлшерін 5,3 млн. тоннаға жеткізеді

2004-жылы "CNPC -Ақтөбемұнайгаз" ААҚ жылдық мұнай өндіру мөлшерін 5,3 млн. тоннаға жеткізеді

2004-жыл соңына дейін "CNPC -Ақтөбемұнайгаз" ААҚ жылдық мұнай өндіру мөлшерін 5,3 млн. тоннаға жеткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Ақпан 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

«CNPS-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның баспасөз қызметінің төрайымы Ғалия Жалдыбаеваның хабарлағанындай, 2003-жыл қорытындысы бойынша кәсіпорын 4 млн. 650 мың тонна мұнай өндірді. Бұл 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 282,61 мың тоннаға артық. Бұдан басқа да техника-экономикалық көрсеткіштер асыра орындалды. Жоспардан тыс 11,5 млн. текше метр ілеспе газ өндіріліп, 13 мың тоннадан астам күкірт сатылды.

2004-жылдың соңына дейін «CNPS-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ Жаңажол және Кеңқияқ кеніштерінде жаңа ұңғыларды іске қосады деп күтілуде. Ғ.Жалдыбаеваның айтуынша, ол үшін «CNPS-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ жаңа әдістемелер қолданып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Жаңажол және Кеңқияқ кеніштеріндегі ұңғылардың қапталындағы стволдарды бұрғылай бастамақшы.
Сондай-ақ, 2004-жылы «Жаңажол-Жем » бағытындағы темір жол тармағы салына бастады. Бұл жолмен кеніштегі зауыттарға арналған құрал-жабдықтар мен материалдар тасымалданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар