2004-жылы дүние жүзінде 53 журналист қаза тапты - "Репортерлар үшін шекара жоқ" ұйымының баяндамасы - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы дүние жүзінде 53 журналист қаза тапты - "Репортерлар үшін шекара жоқ" ұйымының  баяндамасы

2004-жылы дүние жүзінде 53 журналист қаза тапты - "Репортерлар үшін шекара жоқ" ұйымының баяндамасы

"2004-жылы дүние жүзінде 53 журналист пен 15 БАҚ қызметкері қаза тапты. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш",- деп мәлімдейді "Репортерлар үшін шекара жоқ" ұйымы желідегі ресми парақшасында жариялаған баяндамасында.

  • 6 Қаңтар 2005
  • 462
Фото - Caravan.kz

12 айда журналистерге жасалған 1 146 шабуыл мен қоқан-лоққы оқиғалары тіркелді. 1-қаңтар күнгі жағдаймен 107 журналист қамауда отыр, 907-сі тұтқындалып, 662 БАҚ қызметкері цензураға тап болды, ал 70 диссидент абақтыға тоғытылды.

«Репортерлар үшін шекара жоқ» ұйымы өз баяндамасында ең қауіпті ел ретінде Иракты атаған. Былтыр онда 19 журналист пен 12 БАҚ қызметкері қаза тапты. «Тілшілердің қаза табуына лаңкестер мен Ирак партизандарының шабуылдары басты себеп. Дегенмен, төрт журналистің қазасы үшін АҚШ армиясының әскерилері тікелей жауапкершілік жүктейді»,- делінген ұйымның баяндамасында.
Филиппины елінде былтыр 6 журналист қаза тауып, ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Бангладеште жемқорлық, есірткі бизнесі мен қылмысқа қатысты журналистік тексерулері үшін 4, ал Мексикада 3 тілші кісі қолынан қаза тапты. Ресей, Бразилия, Колумбия, Доминикан Республикасы, Гамбия, Үндістан, Непал, Никарагуа, Гаити, Пәкістан, Палестина, Перу, Сауд Аравиясы сынды елдерде де осындай себептермен журналистер қаза тапты.
«2004-жыл — әлем журналистері үшін соңғы 10 жылдағы ең көп өлім әкелген жыл болды»,- делінген «Репортерлар үшін шекара жоқ» ұйымының баяндамасында.
2003-жылы БАҚ-тың 40 өкілі ажал құшқан.

Перейти к новостям спорта