2004-жылы этникалық қазақтарды қолдау бағдарламасы бойынша Қырғызстаннан 78 отбасы Қазақстанға қоныс аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы этникалық қазақтарды қолдау бағдарламасы бойынша Қырғызстаннан 78 отбасы Қазақстанға қоныс аударды

2004-жылы этникалық қазақтарды қолдау бағдарламасы бойынша Қырғызстаннан 78 отбасы Қазақстанға қоныс аударды

2004-жылы этникалық қазақтарды қолдау бағдарламасы бойынша Қырғызстаннан 78 отбасы Қазақстанға қоныс аударды.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 596
Фото - Caravan.kz

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, қырғызстандық қазақтарды тарихи отанына көшіру жөніндегі 2004-жылғы квота толық жүзеге асты. 40-тай отбасы Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысына көшіп келді.

Елшілік қазір келесі жылға арналған өтініштерді қабылдауға кірісті. Қазірдің өзінде осындай 200 өтініш келіп түскен.
Елшіліктің мәліметі бойынша, Қазақстанға этникалық қазақтарды көшіруге арналған 2005-жылғы бастапқы квота 5000 отбасын құраса, қазір бұл сан 15 мыңға дейін арттырылып отыр.
Шетелдегі қазақ диаспорасының үлкен бөлігі Ресей, Қытай және Өзбекстанда тұрады. Бұл елдердің әрқайсысында 1 млн. қазақ бар. Ал Қырғызстандағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 45 мың адамнан аспайды.

Перейти к новостям спорта