2004-жылы елімізде алюминий өндіруге арналған электролиз зауытының құрылысын салу жобасының бірінші кезегі басталады - Қазақстан даму банкінің президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы елімізде алюминий өндіруге арналған электролиз зауытының құрылысын салу жобасының бірінші кезегі басталады - Қазақстан даму банкінің президенті

2004-жылы елімізде алюминий өндіруге арналған электролиз зауытының құрылысын салу жобасының бірінші кезегі басталады - Қазақстан даму банкінің президенті

2004-жылы елімізде алюминий өндіруге арналған электролиз зауытының құрылысын салу жобасының бірінші кезегі басталады. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында Қазақстан даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаев хабарлады.

  • 2 Ақпан 2004
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Биыл біз 2-3 жылға есептелген бірінші кезегін жүзеге асыруға кірісеміз. Өндірістің алғашқы өнімі бірінші кезек іске қосылу нәтижесінде пайда болады»,- деді ол. Оның айтуынша, Павлодарда электролиз зауытын салуға арналған жалпы жоба 800 млн. доллардан 1 млрд. доллар аралығында бағаланып отыр. Ал жобаның бірінші кезегі 300 млн. долларға бағаланған. Қазақстан даму банкі бұл қаржының 100 млн. долларын бөледі». Жоба 8-10 жылға есептелген. Қазақстан даму банкінің президенті бұл жоба 8 жылда жүзеге ассады деген сенімде. Қ.Шалғымбаевтың айтуынша, «қатысушылар арасында шетелдік бір банк пен жергілікті қаржылық институттардан Еуразиялық банк пен Еуразиялық топ бар».

«Бірінші кезекте 60-66 мың тонна алюминий, екінші кезекте 120 мың тоннаға дейін, ал үшінші кезекте 240 мың тоннаға дейін алюминий өндіріледі».
Сондай-ақ, Қазақстан даму банкі президентінің айтуынша, «бірінші кезеңде алюминий өндіруге арналған анодтар сырттан әкелінсе, екінші кезеңде қуаты 70 мың тоннаны құрайтын анод өндірісі құрылып, үшінші кезеңде зауыт анод өндіру мөлшерін 136 мың тоннаға дейін жеткізеді». Зауыт Павлодарға таяу жерде орналасады ,- деді Қ.Шалғымбаев.

Соңғы жаңалықтар