Н.Әбілмәжіновтың айтуынша, бүгінде еліміздің түзету мекемелерінде құрт ауруының ашық түріне шалдыққан 5 мың адам бар. Ал 2000-жылы бұл көрсеткіш 12 мың болатын. Соған қарамастан, құрт ауруына қатысты ахуал өзектілігін жойған жоқ. Оған себеп, аса жұқпалы детке саналатын құрт ауруы түрме секілді ұжымдық ортада тез тарайды.
Бүгін сондай-ақ құрт ауруымен күрес жөніндегі Нидерланды Корольдік қорының (KNCV) жобасы шеңберінде абақтыдағы адамдарды құрт ауруын емдеу әдістемелеріне оқытуға бағытталған «Абақтыдағы құрт ауруы» атты фильм көрсетілді.
Фильмді таныстырған KNCV жобасының Қазақстандағы үйлестірушісі Светлана Пактың айтуынша, бұл фильм жобаның бір бөлігі ғана. Ол сотталғандар арасында өз денсаулығына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың арасында санитарлық ағартушылықты жүзеге асыру, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының құрт ауруымен күрес бағдарламасына халықты жұмылдыру мақсатын көздейді. Фильм KNCV жобасының Қазақстандағы оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде пенитенциарлық жүйе мекемелерінде таратылады.