2004-жылы еліміздің 100-дей азаматы РФ Қарулы күштерінде қызмет атқару үшін Ресейге аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы еліміздің 100-дей азаматы РФ Қарулы күштерінде қызмет атқару үшін Ресейге аттанды

2004-жылы еліміздің 100-дей азаматы РФ Қарулы күштерінде қызмет атқару үшін Ресейге аттанды

2004-жылы еліміздің 100-дей азаматы РФ Қарулы күштерінде қызмет атқару үшін Ресейге аттанды. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Алматыда "Русский обозреватель" ақпараттық-зерттеу орталығының жетекшісі Федор Мироглов журналистерге хабарлады.

  • 2 Ақпан 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Еліміздің атпал азаматтарын Ресейге шығару жұмыстарымен осы елдің кейбір бейресми ұйымдары айналысуда, деді ол. Бұл ретте адамдар өз еркімен елден кетіп, «Ресейде тұрақты тұратын азамат» деген ресми мәртебеге ие болатындықтан, Қазақстан мен Ресей заңдары бұзылмайды. Ресей заңнамасына сәйкес, РФ Қарулы күштерінде қызмет атқаратын басқа елдердің азаматтары осы елдің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығына ие болады, деді Ф.Мироглов.

РФ Қарулы күштеріне жастарды тарту жұмыстары әзірге тек Қазақстанда ғана жүзеге асырылуда. Ф.Мирогловтың пайымдауынша, алдағы уақытта РФ Қарулы күштеріне басқа да ТМД республикаларынан азаматтар тартылады. Оның болжамына жүгінсек, жыл сайын тек Қазақстаннан 150-дей адам Ресей әскері қатарында борышын өтеу үшін аттанады.

Перейти к новостям спорта