2004-жылы еліміздің шекаралық аудандарында телехабарларын таратуды дамытуға 540 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы еліміздің шекаралық аудандарында телехабарларын таратуды дамытуға 540 млн. теңге бөлінді

2004-жылы еліміздің шекаралық аудандарында телехабарларын таратуды дамытуға 540 млн. теңге бөлінді

2004-жылы еліміздің шекаралық аудандарында телехабарларын таратуды дамытуға 540 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжан Қазақстан журналистері конгресінің 3-отырысында жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Атыраудан.

  • 20 Ақпан 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

Министр орынбасарының айтуынша, қазір еліміздің көптеген шекаралық аудандары ұлттық телеарналардың хабарын қабылдай алмайды. Атап айтсақ, «Хабар» Қазақстан аумағының 85 процентін қамтыса, «Қазақстан» телеарнасы 90 процентіне хабар таратып отыр. Бөлінген қаржы аймақтарға таратқыш сатып алуға және оны орнатуға жұмсалады. Бұл жұмыс, А.Досжанның айтуынша, үш жылда аяқталуы тиіс.

Аймақтық телеарналарды дамыту проблемасына тоқталған ақпарат министрінің орынбасары алдағы уақытта облыстық телерадиокомпаниялар кеңестік тәжірибеге қайтадан оралып, хабарларын барлық қалалар мен аудандарға тарату үрдісіне бетбұратынын жеткізді. Осындай хабар тарату үрдісін жаңғырту жұмыстары Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында қолға алынған. А.Досжанның айтуынша, аталмыш аймақ әкімдері хабар таратушы спутниктік жүйелерді сатып алып орнату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде облыстық телекомпаниялардың сигналы барлық аудандарға жететін болды.

Соңғы жаңалықтар