Б.Ыбыраевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен 200 млн. теңге аударылды. Қалған қаржы жаздың аяғына дейін бөлінеді деп күтілуде. Бұл қаржыға комбинат бірінші кезекте 1962-жылы пайдалануға берілген ең көне станциялар санатындағы Бірінші жылу электр орталығын жаңалай бастады.
Бірінші жылу электр орталығында кәсіпорынның пайдалы әсер коэффицентін арттырып, отын шығынының үлес салмағын азайтуға мүмкіндік беретін газды оттыққа ден қою үшін қазандық агрегаттары жаңаланады. Сондай-ақ, комбинатта әбден ескірген жылу алмастырғыш және насосты жабдықтар, бу және қоректендіргіш құбырлар алмастырылады. Б.Ыбыраевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен жабдықтардың ескіру көрсеткіші 80 процентті құрайды.
Стратегиялық жоспар бойынша алдағы уақытта Екінші жылу электр орталығын жаңалау көзделіп отыр. Мұндағы жұмыстар құны 417 млн. теңгені құрайды. Ал Үшінші жылу электр орталығындағы жұмыстар 480,9 млн. теңге мөлшерінде инвестиция талап етуде. Дистиллят дайындау зауытында 5 бірдей дистилляциялық су тұщыту жабдығы мен теңіз суына арналған жылу алмастырғыштардың қыздырғыш камераларын алмастыру, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңалау қажет. Бұл мақсатқа 876,1 млн. теңге керек. Желілер мен подстанцияларға 1116,7 млн. теңге көлемінде инвестиция жұмсау қажеттігі туындап отыр.